Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екінші әйелінен тараған ұрпақпын": Ерболат Беделхан тегіне қатысты шындықтың бетін ашты

Белгілі продюсер Ерболат Беделхан тоқал алуға қатысты пікір білдірді. Ол бұрынғы заманда оның қалыпты нәрсе саналғанын алға тартып, өзі де тоқалдан тараған ұрпақ екенін ашып айтты. Алайда өзі екінші әйелді керек етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бұл – адамның өз қалауы, қоғамның таңдауы емес. Қазір біреуді сөге алмайсыз, айта алмайсыз. Айтатындай күш-қуат, уақыт жоқ оған. Иә, біздің ата-бабаларымыз сондай болды. Мен атамның екінші әйелінен тараған ұрпақпын. Бірақ ол заман бір бөлек. Қоғамы, сұранысы бір бөлек. Бұл салт-дәстүрде болған болса, демек, екі адамның жеке өмірі. Ер мен әйелдің жеке таңдауы. Ал қоғамдағы мәселе болса, бұл басқа сұрақ. Мұны ресми тұрғыда конституцияға енгіземіз бе, жоқ па? Осы сұраққа жауап берсек болды. 
Мен өзім үшін ғана жауап берейін. Маған өзімнің жұбайым, әйелім ғана жеткілікті. Баймын ба, кедеймін бе, мәселе адамның өзінде. Өзіне қарау керек, мәселе осыда", –деді Ерболат Беделхан.



Сонымен қатар Беделхан Моңғолияның Баян-Өлке аумағында дүниеге келгенін айтып өтті. Ол отбасымен бірге Қазақстан тәуелсіздік алған жылы елге көшіп келген. Содан бері туған жеріне бірде-бір рет ат басын бұрмапты. 

Талқылау