Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина: Азғындарды мереке күні Алматының басты көшелерімен тайраңдатып жүргізіп қойған қай күш?

Қарақат Әбілдина феминистер шеруіне қатысты азаматтық ұстанымын көпшілікке жеткізді. Бұға тосқауыл қою үшін әр қазақ жұмылуы керек деген тілек білдірді. 

"Мереке күні Алматының қақ төрінде бір топ қазақ қыз-келіншектері ардан безген азғындардың тірлігін қолдауды сұрап шеруге шықты.

Қазақ деймін-ау, әсте қазақ емес болар. Ұлттық құндылықтан ада, ар-ұяттан жұрдай, ардан безген азғындар бір жынысты жұпты, жезөкшелікті, тағы бірсыпыра айтайын десең ауызға ұят, естиін десе құлаққа ұят сөздерді айтып, сондай топтардың құқығын заң бойынша қорғауды талап еткен.

Ол видеоларды жұрт тоқтау салу ниетінде әлеуметтік желіге аямай салып жатыр. Бірақ та, біз олардың сол қарауға қорқынышты, тіпті жағымсыз, жиіркенішті видео-фотоларын желіден желіге салу арқылы керісінше оларға жарнама жасап жатырмыз. Олардың о бастағы қалаулары да сол болды. Тас лақтырса да, желіні бір шулатып, өздерін жарнамалау, бар екендіктерін білдіру болды. Сондықтан, желіде тарату керек емес.

Менің парақшамда 7 жастағы баладан 70 жасқа дейінгі қалың халық отыр. Жан түршіктірер видеоны салуға керек деп таппадым. Мұндағы миллиондаған оқырманға ол қасиетсіздердің атын атап, түсін түстеп көрсеткім келмейді.

Ал жалпы ол азғындарды тап мереке күні Алматының ең басты көшелерімен тайраңдатып сағаттап жүргізіп қойған қай күш? Кімге сеніп шықты олар шеруге? Кімге арқа сүйеп громкоговорительмен сағаттар бойы сайрап тұр?! Демек, қолдаушысы бар болғаны да! Масқара! Қайда бара жатырмыз?!



Әлеуметтік желіде ЛГБТ қолдайтын парақшалар ол толып жүр. Орысша/қазақша сауатты жүргізеді. Кәдімгі қазақ редакторлары бар. Тіпті өздерінің тегін курстарын жасап қойған. Алла сақтасын! Оларды кім қаржыландырып отыр? Батыстан келген індет болып тұр ғой не де болса", - деп жазды әнші. 

Қарақат ханым бұған әр қазақ үн қосып, тосқауыл болу керек дегенді меңзеді.

"Мына заманның, мына қоғамның түрі қорқынышты болып барады. Қайда бара жатырмыз? Не болып кетер екенбіз? Бала тәрбиесі, оның ішінде қыз тағдыры, әйел тақырыбы тіпті қиын болып тұр. Алланың берген ұл-қызын өсіріп отырған соң ұлт, ұл, бала тәрбиесіне қатты алаңдаймын.

Мына сұмдыққа нүкте қойылсын деп әрбіріміз үн қосуымыз керек. Естісек те естімегендей, көрсек те көрмегендей болып, “сен тимесең мен тиме” деп маңқиып отыра беру қазақтыққа, арға сын. Сондықтан, хат, пікір жазып, дабыл қағып, мына сорақылықты тоқтату керек! Әйтпесе, ұлт тәрбиесі, ел болашағы бұлыңғыр. Ес жию керек!", - деді Әбілдина. 

"Толықтай келісемін, тоқтату керек, қайырылмаған бала қайырымсыз болады деген мақал бар. Қайыру керек жастарды", "Шынымен, болашағымыз бұлыңғырланып барады, қорқынышты", "Не істісек екен а? Қазақты, қазақилықты жоқ етуге тырысып жатқандар кімдер?", "Иә, өте дұрыс. Бетін әрмен қылсын ондайлардың", "Өте орынды, келісемін! Тіпті интернетке жүктемесін", "Мал құлағы саңырау масқара. Тоқтату керек оларға жол жоқ", - деді желідегі оқырмандар.

Талқылау