Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов: Феминистерге данышпандық тілеймін

Дәурен Айдарқұлов феминистер шеруіне қатысты ойын айтты. Ақылды адам мен данышпанның айырмашылығын көрсете отыра феминистерге данышпандық қасиет тіледі. 

"Ақылды мен дана адамның айырмашылығы неде екенін білесіз бе? Ақылды адам мәселелерді дұрыс және жылдам шешеді. Данышпан бұл проблемалардың о бастан-ақ болмауын ойластырады. Мен барлық феминистерге данышпандық тілеймін!", - деп жазды Дәурен Айдарқұлов.

Алмат Сақатов пен Айгүл Иманбаева да шеру жайлы ойын ортаға салды. Айгүл Иманбаева 8 наурыз күні алаңға шыққан феминистердің шеруіне қарсы шықты. Бұның қазақ тәрбиесі қарама-қайшы келетінін айтып ашынды. 

"Кеше Алматы қаласында өткен феминистердің митингісін бүгін әлеуметтік желіден көріп жүрегім қан жылады. Елім үшін. Ұлтым үшін. Ұрпағым үшін. Бала тәрбиесімен қоғам қалыптасады. Отан отбасынан басталады деп аталарымыз бекер айтпаған. Қайда барамыз? Кім болып барамыз? Кімнен көреміз? Жаратқанның заңына қарсы келуден асқан күнә жоқ шығар. Рухым қарсы. Болмысым қарсы. Жүрегім қарсы. Миым қарсы. Алла кешіре гөр. Жүректегі көзімізді оята гөр", - деп жазды әнші. 

"Әдетте ешқандай митингіге рұқсат бермейтіндер бұған қалай рұқсат ете қалды? Қайда барамыз? Мұның соңы жақсылыққа апармайды", - деді Алмат Сақатов. 

"Бетімен кеткен азғындар", "Сұмдық қой, балақтағы бит басыма шықтының кері ғой. Алла сақтасын осындай қаны да ойы да бұзық кәпірлерден", "Мыналардан құдай сақтасын", - деп жазды олар.

Айта кетейік, белсенділер ұйымдастырған шеруге әйелдерден бөлек, ер азаматтар да қатысқан. Олардың арасында біреуі іс-шараға қыздардың киімі мен парик киіп келген. Мұны байқаған шерудің өзге де ер қатысушылары ерсі киініп келген алматылыққа қысым көрсете жөнеледі.

Талқылау