Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Я в шоке! Әкімдік қалай рұқсат берген?": Блогер Нұрболхан Шарапов әйелдер шеруіне рұқсат берген әкімдікті сынады

Танымал блогер Нұрболхан Шарапов Алматыдағы әйелдер шеруіне қатысты пікірін білдірді. Әлеуметтік желіде ол  әйелдер маршын өткізуге рұқсат берген әкімдікті сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сұмдық жаға ұстатарлық жаңалықтарды оқыдым. Феминистер көшеге шығып әйелдердің құқығын ұрандатты. "Кіммен жатамыз, сүйісеміз, шаруаларың болмасын" деген ұран көтерді. 

Кімнің кіммен төсектес болып жатқанын біреу аңдып жүр ме, арттарыңнан видеоға түсіріп жүр ме? Бар да, білгеніңді істе, жігітпен жүре бер, сені ешкім қинап жатқан жоқ!", - дейді блогер.

Желі белсендісі маршқа тек әйелдер құқығын қорғаушылар ғана емес, сондай-ақ, ЛГБТ өкілдері шыққанына наразылығын білдірді. Осы орайда мұндай шараның ұйымдастырылуына әкімдік қалай рұқсат бергенін айтып, шамданды. 

"Арасында ЛГБТ-ның туы неге жүр? Феминизмді желеу етіп, әйел мен еркектің құқығы тең деп айтып арсыз ұятсыз нәрселерді жарнамалап жүр. Әкімдік бұған қалай рұқсат берді? Я в шоке (Жағамды ұстадым - авт.)", - деді Нұрболған Шарапов.

Талқылау