Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы ауруханада 3 жасар қыздың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Ауруханаға жеткізілген 3 жасар Айзере Қақарманова 31 желтоқсан, сағат 8:50-де өткір ішек инфекциясынан қайтыс болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Патоанатомиялық тексеру жүргізілді. Диагноз – өткір ішек инфекциясы. Ауруханада жатқан балаға сырттан әкелінген шұжық (колбаса) жегізген. Бала анасымен бірге тамақтанған. Екеуінде құсқан. Бұл туралы медицина картасында жазылған. Баланың асқазаны таза сумен жуылды. Симптоматикалық терапия тағайындалды.Алайда, 29 желтоқсанда баланың іші өтіп, температурасы 39 градусқа көтерілді. Оған қажетті ем тағайындалды. Бірақ баланың анасы медицина қызметкерлерінің сөзін тыңдамастан қолхат жазып, баланы ауруханадан шығарып алды», – дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

«Мен 30 желтоқсан күні қолхат жазып емханадан шығып кеттім. Өйткені дәрігерлердің емі нәтижесіз болды. Алайда дәл сол күні біз жедел жәрдем көлігімен тағы да осы ауруханаға түстік. Өкінішке орай, оны ешкім өлімнен құтқарып қала алмады. Мен бізге көрсетілген медициналық қызметтің қаншалықты сапалы болғандығын білгім келеді», – деген болатын Айзеренің анасы Диана.

Қолхатта баланың анасы инфекциялық аурухананың дәрігерлеріне ешқандай шағымы жоқ екенін жазған.

«Әйелге қызының безгегі, диареясы толық жазылған жоқ деп түсіндірілді. Соған қарамастан, қыздың анасы баланың денсаулығына жауапкершілікті өз мойнына алған. Тіпті, кезекші дәрігердің қарауын күтпестен, қызын алып кеткен. 13 сағат бойы бала дәрігердің тексеруінсіз, ешқандай ем-домсыз үйінде жатқан. 13 сағат жоғалтты. 31 желтоқсанда сағат 1-ден кете бала өткір ішек инфекциясы, токсикоз, құсу, бойкүйездік белгілерімен жұқпалы аурулар ауруханасына қайта түсті. 31 желтоқсан таңғы 8:50- де науқас қайтыс болды. Реанимациялық шаралар қажетті нәтиже бермеді», – деп түсіндірді А.Иса.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсанда Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасында үш жасар қыздың жұмбақ жағдайда көз жұмғандығы белгілі болды.

3 жасар Айзере Қақармановның ата-анасы қайғылы оқиғаға дәрігерлерді кінәлаған еді.

Тағы оқыңыз:

Жаңа жылда жиі кездесетін аурулардың рейтингі жасалды

Синоптиктер Алматыда қаңтар бойы ауа-райы қандай болатынын айтып берді

Жаңа жыл түнінде танымал әншінің ұлы қайтыс болды

Астанадағы «Магнумда» шіріген мандаринге қатысты тексеру жүргізілетін болды

Талқылау