Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылда жиі кездесетін аурулардың рейтингі жасалды

Мамандар жаңа жылдық мерекелер кезінде жиі кездесетін аурулардың рейтінгін жасап шығарды. Бұл туралы КТК хабарлады.

Көш басында 38 пайыз жинап, суық тию тұр. Екінші орында жарақаттар.

Жарақат алу мереке кезінде 14 пайыздан 19 ға дейін өседі екен. Ішінде жәй ғана үйде құлап, бір жеріңді сырып алудан бастап ауыр жарақатқа дейін бар.

Ал үштікті  асқазан-ішек аурулары түйіндеп тұр. Майлы және қуырылған тағамды түнгі уақытта тыңқия жеп алғандар ауруханадан бір-ақ шығады.

Одан кейін -улану. Бұған астан және ішімдіктен ұшыну кіреді.

Бесінші орында аллергиялық аурулар. Мерекелік дастархан басында цитрустық жемістер,тәттілер және балықты талғамай жеп түшкіріп-пысқырып жүреді. Тіпті тынысы тарылып, жедел-жәрдем шақырады екен. Мамандар шырша да аллергияны қоздыруы мүмкін дейді.

Сондай-ақ жаңа жыл кешінде күйіп қалу дерегі де көбейеді. Бұл сапасыз пиротехниканың салдары мен отшашу кезінде қауіпсіздікті сақтамаудың кесірінен болады.

Тағы оқыңыз:

Синоптиктер Алматыда қаңтар бойы ауа-райы қандай болатынын айтып берді

Жаңа жыл түнінде танымал әншінің ұлы қайтыс болды

Астанадағы «Магнумда» шіріген мандаринге қатысты тексеру жүргізілетін болды

Дүкен сөресінде жүгіріп жүрген егеуқұйрық видеоға түсіп қалды (видео)

Талқылау