Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алып үлгерді
"Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қанша өтінім берілгенін және олардың қаншасы мақұлданғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе сенімгерлік басқаруға беруге мерзімінен бұрын алуға өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
"38 806 өтінім берілді. БЖЗҚ қазірдің өзінде 18 000-ін мақұлдады", - деп жазды Facebook-те Нұрлан Ақшанов.
- Неге зейнетақы жинақтарын алуға жіберген өтініштердің күші жойылады? "Отбасы" банкінде жауап берді
- Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда және қалай жұмсай алады?
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтарға тұрғын үй үшін зейнетақыны алу ережелері түсіндірілді. Одан кейін "Отбасы Банкі" өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева қазақстандықтар пәтерін жөндеу үшін зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі туралы айтты.
Сонымен қатар Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қатысатын тағы екі банк-операторлары пайда болғаны хабарланды.
Балабақша мен мектеп уақыты жұмыс кестесіне сай келмесе, не істеу керек? Ата-ананың қандай құқығы бар
Ата-ана: Соңғы бір жыл бойы әр артық сағат үшін балабақшаға қосымша ақы төлеумен келемін
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты