Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтамаларын тағы екі банк арқылы қол жеткізе алады

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қатысатын тағы екі банк-операторлары пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

БЖЗҚ мен уәкілетті операторлар арасындағы өзара іс-қимыл электрондық ақпарат алмасу арқылы және өзара іс-қимыл туралы тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасады.

Келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасында біржолғы зейнетақы
төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, Келісім тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды. БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың ақпараттық жүйелерінің біріктірілуі "электрондық үкімет" веб-порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүзеге асырылады.

Талқылау