Зейнетақы жинағын алу: Ақшаны жөндеу жұмыстары үшін алуға бола ма
"Отбасы Банкі" өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева қазақстандықтар пәтерін жөндеу үшін зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Отбасы Банкі" өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева ережеде зейнетақы жинақтарын жөндеуге алу қарастырылмағанын айтты.
"Өкінішке қарай, ережеде жөндеуге жеке бағыт қарастырылмаған. Егер сіз бір шарт шеңберінде тұрғын үй сатып алып, жөндеу қажет болса, жөндеу жұмыстарын жүргізе аласыз. Жөндеудің жеке өзіне ақша берілмейді", - деді Рахиля Балтабаева.
Еске сала кетейік, "Отбасы банкі" зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша онлайн-платформаны іске қосатыны хабарланған, онда қазақстандықтар өз өтінімдерін қалдыра алады.
Өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет.
"Отбасы Банкі" зейнетақы жинақтарын алу үшін комиссия алмайды.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген