Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын алу үшін ЭЦҚ керек

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын алу үшін ЭЦҚ дайындауы керек, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экономист қазақстандықтардың зейнетақы қаржысынан баспананы қалай алатынын айтты

"Сіздерге ыңғайлы болу үшін, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын қолдану үшін жеткіліктілік шегі көрсетілген инфографика дайындадық.

Арнайы онлайн-платформадағы Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын қолдану бойынша барлық негізгі операциялар электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен жүргізілетін болады.

Зейнетақы жинақтарын қолдану тетігі толық іске қосылғанға дейін, өз ЭЦҚ-ның дайындығын алдын ала тексеруді сұраймыз. ЭЦҚ болмаған жағдайда оны E-gov.kz порталында онлайн жасай аласыз", - делінген "Отбасы Банкі" хабарламасында.

Бұған дейін "Отбасы банкі" зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша онлайн-платформаны іске қосатыны хабарланған, онда қазақстандықтар өз өтінімдерін қалдыра алады.

"Барлық заңға тәуелді актілерге қол қойылғаннан кейін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы қашықтықтан жүгінуге болатын онлайн-платформа іске қосылады. Зейнетақы қорларын пайдалану бойынша барлық операциялар онлайн режимінде жүзеге асырылатынын және бұл үшін банкке келудің қажеті жоқ екенін еске саламыз", - делінген банктің хабарламасында.

 

Талқылау