Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда және қалай жұмсай алады?

Зейнетақы жинағындағы артық ақшаны жұмсауға қажетті құжаттар мен ақшаны рәсімдеуге қатысты ел ішінде сұрақ көп. Мәселен, бұл теңгеге құр жер алып немесе өзіңіз тұрып жатқан пәтеріңізге жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайсыз. Міндетті түрде жылжымайтын мүлікті сатып алуға қаржыңыз жеткілікті болуы керек. Ал жиғаныңызды жақыныңызға аудару үшін онлайн платформа арқылы бірнеше құжатты тапсыру міндетті. "Отбасы банкінен" арнайы шот ашып үлгерген 69 мыңнан астам азаматтың әзірге 20 мыңнан астамы тұрғын үй жағдайын жақсартуға өтініш берген екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

зейнетақы

Зейнетақы жинағындағы шекті мөлшерден асатын қаражатты тікелей www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы жұмсай аласыз. Ақшаны қандай мақсатта пайдалансаңыз да, сізге әуелі электорндық цирфлы қолтаңба қажет болады. Өзіңізге қажетті шартты таңдап, көрсетілген құжаттарды "пдф" форматында тапсыруыңыз қажет. Айта кетейік, ипотекалық займға алынған үйлерді бес жыл бойы сатуға шектеу қойылған.

"5 жылдық шектеу бізде тек бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, меншікке рәсімделген, өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үйді өткізуге жол берілмейді. Сатуға. Тек қана ипотекалық займға алынған үйлер", - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшысы Еркебұлан Дауылбаев.

Ал зейнетақы жинақтарын өзгеге табыстау үшін, алдымен ақшаны аударушы да, қаржыны қабылдаушы да "Отбасы банкінен" арнайы шот ашуы қажет. Өтінішке туу туралы куәлік, ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік немесе басқа туыстықты дәлелдейтін құжаттар қоса тапсырылуы керек. Банк мұны екі жұмыс күн ішінде қарап болғаннан кейін, арнайы шотыңызға зейнетақы қоры 5 күннен кейін ақшаныңызды аударады.

"Барлық тиісті құжаттарды жинауға азаматқа 45 күн уақыт беріледі. Егер түрлі себептермен өтініш соңына дейін мақұлданбаса, қаржы зейнетақы қорына қайта аударылады. Содан кейін, қайта өтініш беруіне болады. Ал жиғаныңызды өзге екіге адамға бөліп беретін болсаңыз, біріншісімен құжаттарды рәсімдеп біткеннен кейін ғана, екіншісіне аударым жасай аласыз. Ал үйді кепілге қойып алынған несиені бұл қаражатпен жабуға болмайды", - деді "Отбасы Банк" АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.

"Отбасы банкі" арқылы зейнетақы қорындағы артық қаражатыңызға құр жер телімін сатып ала алмайды екенсіз. Міндетті түрде салымшы сол жер учаскесіне екі жылдың ішінде үй салып бітуі тиіс екен әрі жинақ сомасындағы қаражатыңыз соған жеткілікті болуы қажет. Айта кету керек, қосалқы шаруашылық нысанына құрылыс салуға рұқсат берілген жер телімдерін де рәсімдеуге болады. Сондай-ақ, үй құрылысына деп қарастырылған зейнақы қорындағы жиғаныңызды қара сылақпен тұрған пәтерді қоса сатып алып қана, оны жөндеуге жұмсай аласыз. Яғни, бұл зейнетақы қорындағы артық ақшаңызға өзіңіз тұрып жатқан үйді қайта жөндеуден өткізе алмайсыз деген сөз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр