Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іздестіруге иттер, дрондар мен жүздеген адамдар кірісті: Атырауда жоғалып кеткен бүлдіршін табылмай жатыр

Атырауда бір жарым жасар баланы іздеуге 400-ден астам адам, дрондар мен иттер жұмылдырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Аймақтағы жауып тұрған жаңбырға қарамастан баланы іздеу шаралары кешеден бері тоқтамапты. 

«Бүгін, 21 мамырда жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:30-да көмекке 400-ге жуық ерікті келді. Сондай-ақ, іздестіру жұмысына Ұлттық ұланның 50 сарбазы, полицияның 100-ден астам қызметкері, 50 волонтер жұмылдырылды. Олар «Жұлдыз» шағынауданындағы 51 көшені жан-жақты тексеруге кірісті», - делінген ресми хабарламада. 

Бұған қоса бүлдіршінді іздестіруге полицейлер үш дрон мен екі қызметтік итті пайдалануда. Қазіргі таңда Жұлдыз ықшам ауданындағы кәріз құдықтары мен өзге де нысандарды тексеру қарқынды жүріп жатыр екен. 

Еске салайық, бұған дейін Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жастағы бүлдіршінді іздестіріп жатқаны туралы айтылған еді. 

Талқылау