Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жастағы бүлдіршінді іздестіріп жатыр
Атырауда жоғалған баланы туыстары, полиция және еріктілер іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін, 20 мамыр күні күннің екінші жартысында Жұлдыз шағын ауданындағы №57 үйден 10 көшеге шығып, бала қайтып оралмаған. Оның аты Әли, 1,5 жаста, оң аяғынан аксап жүреді. Егер баланың қайда екендігі туралы біреу білсе, бізге 102 телефоны арқылы хабарласуын сұраймыз", - деді облыстық полиция департаменті.
Баланы іздеуге тек оның туыстары мен полиция ғана емес, еріктілер де қатысып жүр.
"Волонтерлік штабтың, азаматтық орталықтың, "Қызыл Жарты Ай" қоғамының 50-ге жуық мүшесі, сондай-ақ автоволонтерлер тартылды. Баланы іздеу түні бойы жалғасады", - деді қоғамдық белсенді Олжас Сұлтанов.
Оның айтуынша, жоғалған баланың отбасы тұратын жеке үй қоршалмаған, сондықтан бала еш кедергісіз көшеге шығып кеткен.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”