ІІМ Мұхамеджан Тазабековтың полицейлерге айтқан уағызынан кейін тексеріс жүргізіп жатыр

«Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков полицейлерге уағыз айтқаннан кейін басы дауға қалған еді. Бүгінде ішкі істер министрлігіндегілер оның уағызы үшін тексеріс бастады. Бұл туралы министрдің орынбасары Алексей Калайчиди журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

ІІМ Мұхамеджан Тазабековтың полицейлерге айтқан уағызынан кейін тексеріс жүргізіп жатыр

Алексей Калайчидидің сөзінше, министрлік аталған кездесудің қаншалықты қажет болғанын, оның мазмұнын тексеруде. 

«Әрбір мемлекеттік органның ақпаратты жұмыстарды жүргізу жоспары бар. Олар қандай да бір кездесуге сол адамды шақыру ақылға қонымды болады деген қоғам қайтаркерлерін шақырады. Бүгінгі таңда біз бұл кездесудің қаншалықты қажет болғанын, оның мәні мен мазмұнын тексеріп жатырмыз. Артынша бағалап, шешім қабылдаймыз. Тексеріс соңына жетпейінше, бұл туралы пікір білдіре алмаймын», - дейді ішкі істер министрінің орынбасары. 

Вице-министрдің айтуынша, Мұхамеджан Тазабекті аталған кездесуге мамандандырылған күзет қызметі басқармасы шақырған болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Мұхамеджан Тазабектің полицейлермен кездесуі кезінде түсірілген видеосы жұртты шулатқан болатын. Артынша белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек айтыскер ақынға шүйлікті. Оны сарай сауысқанына теңеп, жастарға уағыз оқымағаны жөн екенін айтты.

Алайда «Асыл арна» телерадиокомпаниясының бас директоры монтаж салдарынан арада осындай түсінбестік туып отырғанын айтты. Тіпті, монтаждалмаған видеоны ұсынған азаматтарға астындағы мінген атын беруге дайын екенін жеткізді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

«Иісі жаман екен»: Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді
Çàãðóçêà...