"Террористің уағызын тыңдап": Белгілі құқық қорғаушы Мұхамеджан Тазабектің жастардың миын улағанын айтты

Белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекке шүйлікті. Оны сарай сауысқанына теңеп, жастарға уағыз оқымағаны жөн екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Орынбек

Сурет: instagram.com/aigul_orynbek_/?hl=ru, Stan.kz 

Айгүл Орынбек студенттер мен полиция, сарбаздарға лекция оқыған Мұхамеджан Тазабекке қарсы шықты. Жастардың балақ кесіп, неше түрлі секталарға кіріп жатқанына айтыскер ақынның оқыған уағыздарын кінәлады.

«Қазақ жігіттерінің миы уланып, әр қарындасыңды талақ қылып, бір-біріне сыйлап жатқанда неге осылай айтпадың?! Елдің еркектері елді дамытуды ойлап жүргенде, біздің еркектер балақ кесіп, намаз оқып, сіз бөліскен террористің уағызын тыңдап Сириядан бірақ шықты. Егер сіз халықтың мұңын жырлап, жоғары жаққа дұрыс ақпарат жеткізгенде, мүмкін алаңда әйелдер жүрмес еді? Сіз сияқты елдің алдында жүрген қазақтың еркектері, президентті "патша", "құдай"- деп жағымпазданып, сарайға құл болмағанда, қазақ аналары үйде отырар еді. Иә, Сарай сауысқаны болып отырып сайрау оңай! Елім деген қазақ жігіттері қамалып, атылып, сіз сияқты бір адамға табынатын жағымпаздар көбейген соң, қазақ әйелдері алаңға шықты», - деп жазды Айгүл Орынбек Facebook парақшасында.

Одан бөлек «Қытайдан қорықпа, құдайдан қорық» деп айтқан Мұхамеджан Тазабектің сөзінің мүлдем қате екенін атап көрсетті.

«Қазақ әйелдеріне ғана күші жететін, еркектер көбейген соң біздің ел жемқорлыққа толды. Қыздарымызды кез келген ұлт астына басты!
"Қытайдан қорықпа, құдайдан қорық" депсіз! Құдай келіп сенің жеріңді, қарындасыңды, ұрпағыңды қорғап бермейді. Ол үшін сізге аяқ-қол берілген!Қарындасыңның арын бүгін қорғамасаң, бүгін алаңға шығып жатқан аналар, ертең сол Қытайдың астында жатады! Иә сіз сияқты сауысқанша сақылдай алмасам да, "патша" алдында елдің мұңын "дат" деп айта аламын!

Қоғамдағы еркектердің жартысын улап, етектілермен айтыстырып қойғаныңыз аздай. Енді полиция қызметкерлеріне кірістіңіз бе? Бұл елдің еркегі әйелдер мен емес, билікте отырған тілін білмейтін, ұлтын сыйламайтын еркектермен күрескені дұрыс! Халықты жеп, сырт жаққа миллиондап тасып жатқандармен күрес! Егер қазақтың жігіттері мықты болса, қазақтың аналары алаңға шықпас еді!», - деп жазды құқық қорғаушы.

Талқылау
Пікір
NurNur
04 Қаз, 19 жыл - 20:27

Қазақта ақын бол, халқына жақын бол- деген ұлы сөзді ұмытқан екенсің Мұханбетжан. Айгүл Орынбек қызыма дән ризамын. Осындай өткір де әділ сөйлейтін қыздарымыз көбейе берсін. Әжептәуір ақын едің ел сыйлайтын. Қатты дертке шалдығыпсың, ем қонбайтын. Сирия кетіп сол жақта шаһид болған бауырларыңның қаны сенің мойнында. 

Осындай ауыр сөз естігенше сол Саудияңа кеткенін жөн, немесе балалы асылып өлгенің дұрыс. 

 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

«Иісі жаман екен»: Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді
Çàãðóçêà...