"Халықты аямаңдар, ұрыңдар, соғыңдар": Мұхамеджан Тазабек жұртты шулатқан видеоға қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде Мұхамеджан Тазабектің полицейлермен кездесуі кезінде түсірілген видеосы жұртты шулатқан болатын. Алайда «Асыл арна» телерадиокомпаниясының бас директоры монтаж салдарынан арада осындай түсінбестік туып отырғанын айтты. Тіпті, монтаждалмаған видеоны ұсынған азаматтарға астындағы мінген атын беруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

халықСурет: azattyq.org, instagram.com/mukhamedzhan_tazabek/

"Жанашырларыма" үлкен "рахмет" айтқым келеді. Бүкіл кездесулеріме барып, видеоларымды жинап, мінсіз монтаж жасап, қай күні қанша адамға насихат айтқаныма дейін тәптіштеп, ерекше еңбек жасаған екенсіздер... Басын аяғына, аяғын басына жапсырып, бір сөйлемді екіге бөліп тұрып монтаждап, айрықша майталмандық танытқан екенсіздер... Соншама кездесуде, мұншама "қатыгез, ел бұзарлық, екі жүзді" сөздер айтқан болсам, көзбе-көз естіп отырған бірде-бір тыңдарманның әлеуметтік желіде қарсы пікір білдірмегені қалай?

Керісінше жүздесуден ұлттық рухы қайралып, ризашылықтан ақ батасын жаудырған мыңдаған ағайынның ақ тілегі алдамшы алғыстар ма еді?!
Ақыры сіздерде толық видео бар болса, ата мен әженің, ана мен баланың қадыр-қасиетін айтып, пагондылардың кейбірі көзіне жас алғанын неге көрсетпедіңіздер? Қатайған жүректер мен тұрпайы мінездердің айыпталғанын, "бірінші кезекте тәртіп пен талапты өздеріңен бастау керек" дегенімді неге кесіп тастадыңыздар екен?

"Бүлік кісі өлтіргеннен жаман, ол қатерлі жол" оның қатерлілігі жайлы "әлемнің барлық ғалымдары келіскен, пәтуа берген" деп айтқанымды неге ажыраттыңыздар. Соңғы сөзді Меккедегі жамбастан тебетін полиция жайлы әңгіменің артына неге жапсырдыңыздар? Қытайдың әлем қауіптеніп отырған тұстары мен одан аман қалудың жолдары жайлы айтқан жарты сағаттық толғанысымды неге толық бермедіңіздер? "Қытайдан қорықпайық, Құдайдан қорқайық" деген алғашқы сөйлемді ғана неге ойып алдыңыздар?
Енді осы роликті жасаған немесе сол жиындарға қатысқан тыңдармандарыма бір шүйінші-өтінішім бар.

Тағы оқыңыз >>> Мұхамеджан Тазабек полицейлерге: Бұйрықпен келдіңіз бе? Мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз

Кездесулер кәсіби камераға түсірілген екен. Оның үстіне әркімнің қалтасында смартфондар жүр ғой. Ешбір жерде ешкімге түсіруге тиым салғам жоқ.
Құқық қорғаушыларға қарата, "халықты аямаңдар, ұрыңдар, соғыңдар, олар бүлікшілер, аяғын сындырыңдар, ата-әжені жұлмалаңдар, әйелдер мен бала-шағаны шыңғыртыңдар" деген 2 минуттық, тым болмаса монтаждалмаған 1 минуттық видеоны жұртқа жариялаңыздаршы. Болмаса, қытайды жақтаған, оның даңқын аспандатқан 2 минуттық монтаждалмаған видеоны маған тауып беріңіздерші. Тауып берген кісіге астымдағы атымды түсіп беруге дайынмын...

Ал,енді, шетелде жүріп, елді алаңға шақырып, жұртқа өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай ғып жеткізіп, арандатумен айналысып жүрген жерлесіміз жайлы айтқаным айтқан. Елдегі кемшіліктерді ол айтпаса да білеміз. Білгендіктен сапамызды арттырып, сынғанды бүтіндеу үшін күндіз-түн шапқылап жүрміз.

Алаңға шығу да қазақтың қолы емес. Еуропалықтардай алаңға 4 те кеп, 6 да қайтып кететін қазақты әзір көргем жоқ. Шақырған тойдың өзіне кешігіп барып, үй иесінің ұйқысы келгенде бірақ қайтатын қауымбыз. Шәйдан соң соң шәй ішетініміз тағы бар. Шеру - біздің менталитетке шетін. Қазақтан алаңды қызғанбаймын. Арандап қаламыз ба, деп алаңдаймын. Бәле аяқ астында. Ниетіңіз бейбіт шеру шығар... "Жетіскеннен шығам ба" дерсіз... Эмоционалды ортаға келгесін ешкімге гарантия жоқ. От жағу оп оңай", - деп жазды ол парақшасында. 

Естеріңізге сала кетсек, белгілі қорғаушы Айгүл Орынбек Мұхамеджан Тазабекті осы сөздері үшін сынап, оны сауысқанға теңеп, жағымпазданбауға кеңес берген еді

Талқылау
Пікір
Талгат76
06 Қаз, 19 жыл - 11:29

клевета страшый грех, боитесь Аллаха.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Шетелдік көлік жүргізушілері туралы ақпарат сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді
Çàãðóçêà...