Головкин: Нақты ұсыныс болмайынша, салмақ дәрежемді ауыстырғым келмейді
IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин дивизионды өзгерту туралы сұраққа жауап берді. 39 жастағы боксшы Sky Sports басылымына салмақ дәрежесін өзгерту туралы ойламайтынын айтты.

"Нақты ұсыныссыз салмақ дәрежесін өзгерткім келмейді. Елестетіп көріңізші, егер мен жартылай ауыр салмаққа барсам, мені жекпе-жекке шақыратын боксшылардың саны 30 пайызға артады", - деді Головкин.
Сондай-ақ, Геннадий Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек әлі де мүмкін екенін айтты.
"Бұл жекпе-жек болуы мүмкін. Теориялық тұрғыдан ештеңе өзгерген жоқ. Жауапсыз қалған белгілі бір сұрақтар бар", - деп қосты қазақстандық боксшы.
Еске салайық, Геннадий Головкин 29 желтоқсанда Жапонияда WBA чемпионы Риота Муратаға қарсы жұдырықтасады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"