Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диего Марадонаның жүрексіз жерленгені белгілі болды

Бір жылға жуық уақыт бұрын, 60 жасында аты аңызға айналған бұрынғы футболшы және бапкер Диего Армандо Марадона дүниеден өтті. Ол созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дертімен ауырды.

"Өкінішті, бірақ Диегодан басқа адамдардың көпшілігі әлдеқайда ертерек өлетін еді", –  деді дәрігер және жазушы Нельсон Кастро.

Сондай-ақ ер адам футболшының жүрексіз жерленгенін айтып, жантүршігерлік оқиғаны баяндады.

"Химназия Ла Плата (Марадонаның соңғы командасы) бір топ радикалды футбол жанкүйерлері Диего жерленгеннен кейін оның жүрегін жұлып алғылары келген. Бірақ бұл болмады, өйткені бұл туралы бұрын білгендіктен, жүрегін алып жерлеген еді. Олар мұны жүректі зерттеу үшін, өлімнің себептерін түсіну үшін де жасады", – деді ол.

Марадонаның жүрегі басқа адамдардың қарапайым жүрегі сияқты емес еді.

"Оның жүрегінің салмағы 500 грамм болды, бұл көп. Әдетте жүректің салмағы 300 грамм болады. Әдетте спортшылардың денесі басқаларға қарағанда үлкенірек болса да, оның себебі жүрек жеткіліксіздігі болып тұр", - деді Кастро El Trece-ге берген сұхбатында.


Талқылау