Головкин Мартиросянмен өтетін жекпе-жектің видеосын жариялады (видео)
Қазақстандық былғары қолғап шебері, орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен өтетін жекпе-жектің промо ролигін жариялады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Головкиннің ресми YouTube арнасында «Күресті аптаның басталуы» деп аталатын видео жарияланды. Аталған видеода боксшы өткізетін медиалық оқиғалар, сондай-ақ спортшының жаттығудан кейінгі кішкене фрагменттері көрсетіледі.
5 мамыр күні Калифорнияның Карсон қаласындағы StubHub орталығында бокстан өткізілетін мерекелік кештің басты оқиғасы Головкин-Мартиросян арасындағы жекпе-жек болмақшы. Бүкіл әлем тағатсыздана күтіп отырған кездесуде Геннадий Головкин төрт белбеуінің үшеуін сарапқа салады. Осы күрестің төменгі бөлігінде тағы бір қазақстандық боксшы – Руслан Мадиев мексикалық Хесус Переспен жұдырықтасатын болады.
Оқи отырыңыз:
Головкиннің IBF белбеуіне қатысты қиындықтары неден болғаны айтылды
Головкин мен Мартиросян жекпе-жегіне болжам жасалды
Головкин алдағы жекпе-жек туралы: Мен жеңіліп қала алмаймын, қателесуге құқығым жоқ
Қазақ қыздары FIDE халықаралық шахмат федерациясының “ТОП-20” тізіміне енді