Қазақ қыздары FIDE халықаралық шахмат федерациясының “ТОП-20” тізіміне енді
Қазақстанның ең мықты шахматшылары арасындағы сайыс өз шыңына жетуде. Сәуір айының соңында қазақ қыздары Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова FIDE халықаралық шахмат федерациясының ТОП-20 тізіміне кірді.
Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Шахматтан Қазақстанды әлемге танытып жүрген Жансая Әбдімәлік сәуір айында Македония мен Венгрияда өткен турнирлерде 33-орыннан 17-ші орынға көтерілді. Өткен айда 18 ойынға қатысқан Жансая 10 рет жеңіске жетіп, алты ойынды тең аяқтап, екі сайыста жеңіліс тапты.
Жастар арасындағы әлем чемпионы (U-20) Жансая Әбдімәлік жеке теңдік бойынша 40,8 балл жинады. Сондай-ақ, рейтингте 18-ші орынды иеленген тағы бір қазақстандық шахматшымыз Динара Сәдуақасова да дәл осындай көрсеткішпен алға шықты.
Айта кетейік, өткен жылы қыздар арасында өнер көрсеткен қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова БАӘ-де өткен жыл сайынғы Asian Chess Excellence Awards байқауының үздік ойыншысы атанған болатын.
Сонымен қатар, әйелдер рейтингінің көшбасшылары Қытай Халық Республикасының өкілдері Хоу Ифан және Цзюй Вэньцзюнь, сондай-ақ украиналық Анна Музычук болды.
Оқи отырыңыз:
Головкин «Канелоның» допинг қолдануы туралы: Ол қорыққан шығар
«Канелоның» командасы Головкинді сотқа берді
Қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды
Головкин чемпион атағын сақтап қалу үшін 20 мың доллар төледі

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
