Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Канелоның» командасы Головкинді сотқа берді

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің қорғаушылары Геннадий Головкинге қарсы қуыным берді.

«Канелоның» командасы Головкинді сотқа берді

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Олар қазақстандық боксшыны Канелоның ақпан айындағы допинг-сынамаларына қатысты диффамация (шындыққа сай келмейтін, қаралайтын мәліметтер тарату) жасады деп айыптап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкин Альварестің әдейі допинг қолданғанын жариялап, оны «алаяқ» деп атаған еді.

ESPN журналисі Сальвадор Родригестің сөзінше, бұл сот процесіне Головкиннің өзі қатысуы керек болады. Себебі «мұның барлығын өзі бастаған».

Сонымен қатар «Канелоның» командасы Невада штатының Атлетикалық комиссиясын да сотқа берді. Себебі боксшының соңғы допинг-сынамасы теріс нәтиже көрсеткенімен, комиссия «Канелоны» 6 айға спорттан шеттеткен еді.

Оқи отырыңыз:

Қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды

Головкин чемпион атағын сақтап қалу үшін 20 мың доллар төледі

Бұрынғы әлем чемпионы: Головкин өз заманының Майк Тайсоны бола білді, бірақ қазір олай емес

Данияр Елеусіновтің қолын жылдам сермеп билеген видеосы жұртты күлдірді (видео)

Талқылау