Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин «Канелоның» допинг қолдануы туралы: Ол қорыққан шығар

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестің қарымта кездесуде жеңіліп қалудан қорқып, әдейі допинг қолдануы мүмкін екенін айтты.

Геннадий Головкин

Бұл туралы The Jim Rome Show GGG-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегі 5 мамырда Лас-Вегаста өтуі керек еді. Алайда мексикалық боксшының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткендіктен, қарымта кездесу өткізілмейтін болды. Головкин Альварестің орнына Лос-Анджелесте Ванес Мартиросянмен жекпе-жекке шығады.

«Бәлкім, ол қорыққан болар. Мен білмеймін. Бұл менің стилім емес. Менің стилім – таза спорт. Бәрі де болуы мүмкін. Ол өтірікші ме? Оның өзінен сұраңыздар. «Канело» өзін таза спортшы санайды. Алайда допинг-сынамасы керісінше екенін көрсетті. Сондықтан өзінен сұраңыздар», – дейді Головкин.

Оқи отырыңыз:

«Канелоның» командасы Головкинді сотқа берді

Қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды

Головкин чемпион атағын сақтап қалу үшін 20 мың доллар төледі

Бұрынғы әлем чемпионы: Головкин өз заманының Майк Тайсоны бола білді, бірақ қазір олай емес

Талқылау