Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғарыш станциясының қызметкері Алматы тауларында жоғалып кеткен турист қызды көргенін айтты

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист қыз Әсел Панарғалиеваны ғарыш станциясының қызметкері көрген. Ол 26 жастағы қыздың Үлкен Алматы шыңынан түсіп келе жатқанын көріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК ӨЖҚЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ғарыш станциясының қызметкері Алматы тауларында жоғалып кеткен турист қызды көргенін айтты

ӨЖҚЖ-ның баспасөз қызметіндегілердің сөзінше, ғарыш станциясының қызметкері Әсел Панарғалиеваға ұқсайтын қыздың таудан түсіп келе жатқанын көрген. 

«13 қарашада құтқару операциясы кезінде құтқарушылар ғарыш станциясының қызметкерлерімен сөйлесіп, қыздың суретін көрсетті. Сол кезде олардың бірі 9 қарашада түскі сағат 13:00-дің шамасында Панарғалиеваға ұқсайтын қызды көргенін айтты. Ол төмен түсіп келе жатқан. Қызды бірден есінде сақтап қалыпты. Ол қыздың ғарыш станциясы аумағында Үлкен Алматы шыңынан түсіп келе жатқанын көрген», - дейді ӨЖҚЖ-дағылар. 

Еске сала кетсек, Еске сала кетсек, Алматыда турист қыз тауда жоғалып кеткен еді. Оқиға туралы құтқарушыларға 10 қараша күні кешке хабарлаған.

Туыстарының айтуынша, соңғы айларда жоғалған қыз тау туризмімен айналысқан. Қыз 9 қарашада сағат 13: 00-де әлеуметтік желіде видео жариялады. Одан кейін турист байланысқа түспеді. Осыдан кейін құтқарушылардың жедел тобы көмекке ұмтылды, оның ішінде кинолог мамаандар бірге жүрді. Артынша Әселдің туыстары оны іздестіру операциясын тоқтатуды сұраған еді. Алайда қыздың туыстарының өтінішімен оны іздестіру жұмыстары қайта қалпына келтірілді.

Бүгін ӨЖҚЖ құтқарушыларына Алматы құтқару қызметінің құтқарушы альпинистері қосылды. 

Талқылау