Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тауда жоғалып кеткен турист қызды іздестіруді жалғастыратын болды

Үлкен Алматы тауларында жоғалып кеткен 26 жастағы Әсел Панарғалиеваны іздестіру жұмыстары қайта басталатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖК-ның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

Алматы тауында жоғалған қызды іздеу жұмысы туыстарының өтінішімен тоқтатылды

РОСО жедел құтқарушылар тобы жоғалып кеткен қызды іздестіруді қайта бастайды. Оған қыздың туыстарының іздестіру-құтқару операцияларын жалғастыру туралы өтініші себеп болыпты.

ТЖК-ның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов 26 жастағы Әселді іздестіру операциясы 13 қараша таңертең қайта басталатынын айтты.

«Бұл күннің батуына және тауда қар көшкіні қатері бар жағдайларға байланысты», - дейді ТЖК-ның ресми өкілі. 

Еске сала кетсек, Алматыда турист қыз тауда жоғалып кеткен еді. Оқиға туралы құтқарушыларға 10 қараша күні кешке хабарлаған. Туыстарының айтуынша, соңғы айларда жоғалған қыз тау туризмімен айналысқан. Қыз 9 қарашада сағат 13: 00-де әлеуметтік желіде видео жариялады. Одан кейін турист байланысқа түспеді. Осыдан кейін құтқарушылардың жедел тобы көмекке ұмтылды, оның ішінде кинолог маммандар бірге жүрді.

Артынша Әселдің туыстары оны іздестіру операциясын тоқтатуды сұраған еді.

Талқылау