AAPL
130.46 $
-1.31 %
TSLA
623.31 $
7.19 %
NDAQ
175.8 $
-3.84 %
GOOGL
2402.22 $
-24.61 %
FB
329.66 $
-6.41 %
FRHC
60.68 $
-0.91 %
AAPL
130.46 $
-1.31 %
TSLA
623.31 $
7.19 %
NDAQ
175.8 $
-3.84 %
GOOGL
2402.22 $
-24.61 %
FB
329.66 $
-6.41 %
FRHC
60.68 $
-0.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескендір Хасанғалиев ұзақ ғұмыр, махаббат және өмірдің мәні жайлы: Халық әртісінің соңғы сұхбаты

Халық әртісі, композитор, әнші Ескендір Хасанғалиев 81 жасында дүние салды. Осыдан бір ай бұрын ол біздің сайтымызға сұхбат берген еді. Назарларыңызға Ескендір ағамыздың осы сұхбатында айтқан ең қызықты естеліктерін ұсынамыз. 

Композитор өмірлік махаббатымен қалай танысқанын айтты. 

"Дәкөшім - дәрігер адам. Жанымды да, тәнімді де емдеді. Дарикомен таныс болғанымызға 50 жылға таяса, отасқанымызға 44 жыл. Осынша уақыт жалықпай бірге тұрудың құпиясы - біріншіден ол сезім. Бір-бірімізге деген махаббатымыз болмаса, кім біледі, тағдырымыз қалай өрілетінін. Екіншіден - сенім. Адам бір-біріне сену керек, көлденең басқа ой болмауы керек. Мен саған сендім, сен маған сен деген қағида болуы керек. Одан кейін Дарико екеуміз үлкен адамдардың бір-бірінің қолынан ұстап, серуендеп жүргенін көріп бізде осындай болсақ деп үлгі алдық. Мүмкін содан болар "Ескірмеген махаббат" деген әніміз шығып отыр. Міне, осының бәрі бірге өмір сүруге себеп деп ойлаймын", - деді Ескендір Хасанғалиев.

Бұған қоса, ол жас отау құрғандарға өз кеңесін айтты. 

"Жас жұбайларға айтар ақылым - қосылғаннан кейін адамның көзіне шөп салу деген қылмыспен тең. Ауыр қылмыс. Күйеуінің ойнасы бар екенін білсе, әйеліне ауыр. Одан кейін бір-бір кешіру де қиын. Жастар бір-біріне адал, таза болса деймін". 

Өмірдің мәні - үй тұрмысы, жанұяңда. Өсіп келе жатқан ұрпағың мен немерелерің амандығында. Міне осының бәрін көрсе, өмірдің мәні сол", - деді әнші. 

"Мен халқыма ризамын. Шындығын айтқанда жап-жас жігіттер мен қыздардың атақты бір-екі жылдан кейін-ақ ала беретіні бар. Баға тер төкпей-ақ алып отырғандар көбейіп келеді". 

Ескендір Хасанғалиев эстрададағы кемшіліктерді де атап өтті. 

"Ал енді қазір а дегенің бәрі ән айтамын, ән шығарамын дейді. Осы жерде сапа жағына мән берсе деп ойлаймын. Көркем өнерпаздардың қатысуымен концерт деп беру керек. Неге оны Халық әртісімен бір бағдарламада қосып береді? Әр нәрсенің өзінің жүйесі бар. Реті бар. Жас орындаушыларың концерті деп беруге болады. Сондықтан ұйымдастырушылар концерттік бағдарлама дайындағанда осыған мән берсе екен", - деді ол. 

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр