Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

Қазақстандық әнші және композитор, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев дүниеден озды. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты.

Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын", - деп жазды Нұрқиса Дәуешов.

Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды. Кейін әншінің ауыр халде жатқаны белгілі болды.

Әр қазақтың жүрегінен орын тапқан әнші 81 жасында бақилық болды.

Ескендір Хасанғалиев - белгілі қазақстандық композитор, әнші. Қазіргі қазақ әнінің негізін қалаушылардың бірі.

Ол Батыс Қазақстан облысының Батбаккөл ауылында дүниеге келген.

Қазақтың халық әндері мен Қазақстан композиторларының әндерін орындап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі атанды. Ескендір Хасанғалиев "Анаға сәлем" атты алғашқы авторлық әнін 1961 жылы жазған.


Талқылау