БАҚ: Ескендір Хасанғалиев хал үстінде
Қазақстанның мемлекеттік премия лауреаты, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев ауыр халде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратты композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев растады. Сөзінше, оның жағдайы кеше түнде нашарлап кеткен.
"Алдымен Құдай, содан кейін дәрігерлер мен халықтың дұғасы көмектеседі деген үміттеміз. Менің әкем өмір бойы халық деп келді. Мұндай жағдайда отандастарымыз менің әкемінің жағдай жақсарса екен деп дұға ететініне сенеміз", - деді Біржан Хасанғалиев.
Бұған қоса, ол анасының халі жақсарып келетінін жеткізді.
Айта кетейік, Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтер 10 сәуірден бері коронавируспен күресіп келеді. Бұған дейін, олардың жансақтау бөліміне түскені белгілі болған еді.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"