Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom Банк пен Mastercard Орталық Азияда эксклюзивті қызметтер ұсынатын World Legend картасын алғаш рет іске қосады

Фото: Freedom Банк

Freedom Банк Mastercard-пен бірлесіп, Орталық Азияда алғаш рет Mastercard World Legend картасын іске қосады. Жаңа өнім Priority сегментінің клиенттеріне қолжетімді.

SuperCard World Legend саяхат, гастрономия, мәдениет, ойын-сауық және премиум-шопинг салаларындағы мұқият іріктелген ұсыныстардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өнім The Art of Choice ("Таңдау өнері") философиясына негізделген және клиенттерге өз қалауы мен талғамына сай артықшылықтар мен сервистерді таңдау арқылы жеке тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

SuperCard World Legend шарттары аясында жинақ шоттарын толықтырғаннан кейін келесі күні олардан комиссиясыз ақша алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ карта ұстаушылар 5 млн теңгеге дейін комиссиясыз аударымдар жасай алады, Қазақстанда және шетелде 7 млн теңгеге дейін қолма-қол ақша ала алады, әрі ай сайын ұзарту мүмкіндігімен бір ай бойы сейфтік ұяшықты пайдалана алады.

Бұдан бөлек, SuperCard World Legend картасының ұстаушылары бірқатар жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстарға қол жеткізе алады: Freedom SuperApp арқылы бірқатар авиакомпаниялардың бизнес-класс билеттерін арнайы тарифтермен сатып алу; Freedom туристік сақтандыруын рәсімдеудің арнайы шарттары, сондай-ақ Freedom Видео сервисіне ай сайынғы жазылым.

Бұдан басқа, World Legend карталарының иелеріне LoungeKey желісіндегі халықаралық бизнес-залдарға қонақтарды ертіп, шектеусіз кіру, Астана және Алматы әуежайларының VIP және CIP залдарына ай сайын екі рет кіру, сондай-ақ Яндекс Go сервисінде Астана және Алматы әуежайларына айына алты сапар жасаса, әрқайсысына 5 000 теңге лимиті қолжетімді.

Картаның маңызды артықшылығы – шығыстардың ең төменгі көлеміне қойылатын талаптардың болмауы: карта ұстаушыларға әуежайлардың бизнес-залдарына кіру үшін белгілі бір соманы жұмсау қажет емес.

Фото: Freedom Банк

Бұдан басқа, премиум-клиенттерге арналған Mastercard Collection бағдарламасы аясында World Legend картасының иелері үздік мейрамханаларда кез келген уақытта үстел брондай алады, ірі халықаралық іс-шараларға билеттерді алдын ала сату кезеңінде сатып ала алады және бүкіл әлем бойынша 200-ден астам Fast Track желісін тегін пайдалана алады. Олардың қатарында Стамбул, Афина, Мадрид және Барселона әуежайларындағы Mastercard Fast Track брендтік қызметтері (қонақты кіргізу мүмкіндігімен), сондай-ақ әуежайлардағы эксклюзивті Taste by Priceless гастрономиялық кеңістіктері бар.

"Mastercard-пен бірлесіп шығаратын World Legend – бұл жай ғана премиум карта емес, Freedom клиенттеріне артық кедергілерсіз барынша қаржылық еркіндік беретін құрал. Біз үшін премиум мәртебе нақты банктік артықшылықтармен қатар, талғампаз визуалды эстетикамен де үйлесетін өнім жасау маңызды болды. Сондықтан карта функционалдығы жағынан Freedom экожүйесіндегі мүмкіндіктерді Mastercard серіктестік ұсыныстарымен біріктіреді", – деп атап өтті Freedom Банк Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Қазіргі уақытта клиенттерге бүркіт бейнеленген карта дизайны қолжетімді, ал сәл кейінірек қазақ халқының жеті қазынасының бірі саналатын ұлттық ит тұқымы – тазы бейнеленген карта да қолжетімді болады.

"Mastercard World Legend картасының іске қосылуы – Mastercard-тың Қазақстандағы премиум сегментін дамытудағы маңызды қадам. Бүгінде клиенттер жеке тәсілді және олардың өмір салтын, қызығушылықтары мен қалауын ескеретін шешімдерді барған сайын жоғары бағалайды. Freedom Банкпен-пен бірге біз Қазақстандағы премиум ұсыныстар мен сервистерді Mastercard-тың саяхат, гастрономия, мәдениет және ойын-сауық салаларындағы бүкіл әлем бойынша мүмкіндіктерімен біріктіретін өнім ұсынып отырмыз. Біздің міндетіміз – клиенттерге жайлы саяхаттар, жарқын әсерлер мен жаңа жаңалықтар ашу үшін көбірек мүмкіндік ұсыну", – деп атап өтті Mastercard-тың Қазақстан және Орталық Азиядағы бас директоры Санжар Жамалов.

Freedom Банк пен Mastercard ұсынған Mastercard World Legend картасы және қолжетімді артықшылықтардың толық тізімі туралы толығырақ ақпарат Банктің сайтында және Freedom SuperApp мобильді қосымшасында берілген.

2026 ҚР ҚНРДА-ның банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған 07.07.2026ж. № 1.1.551.129 әмбебап банктік лицензиясы.

Жарнама құқығында

Stan.kz
Бейсенбі, 26 Қараша, 2026 10:30