AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар: Жарыма қарағанда, әркез ата-анама деген махаббатым биік тұрады

Шоу-бизнесте жеке өмірін, отбасын жұрттан жасыратын әншілер көп. Мәселен, Қайрат Нұртас 10 жыл бойы ел көзінен тасада ұстаған келіншегін жуырда таныстырды. Жақында Қайрат жары Жұлдыз екеуі басты рөлді сомдаған фильмді ел назарына ұсынбақ. Сол сияқты Айқын Төлепберген тоқал алғанын, одан ұлды болғанын елден жасырып әлек. Жуырда бұл азаматтардың қатарына Ернар Айдар қосылды. 1000 адамға дүркіретіп той жасаған әнші той қонақтарынан бұл туралы жан баласына тіс жармауды өтінген, деп жазады Stan.kz.

ернар той 090917

Суретте Ернар мен Мадина той қонағымен бірге

Десе де ел Ернардың әлеуметтік желі арқылы үйленгенін біліп қойды. Соған қарамастан Ернардың өзі де, продюсері әрі ағасы Талғат Айдар да әлі күнге дейін оның отбасылы болғанына қатысты мәлімдеме жасамады.

Алайда күні кеше 31 арна журналистері Ернардың осыдан бір жыл бұрын болашақ жары туралы берген сұхбатын көрсетті. Онда Ернар болашақ әйеліне қандай талап қоятынын ашып айтқан.

“Бағалайтыным ол ибалылығы, имандылығы, айтады ғой ақылы көркінге сай ару қыз. Маған айырмашылығы жоқ қаладан бола ма, ауылдан бола ма, дәрігер, журналист болсын, өнерге қатысы болсын. Ең бастысы, тәрбиелі, ұяңдау, тұйықтау болу керек, көп ашыла бермейтін. Жалпы бір ауыз сөзбен айтқанда әркім өз анасын жақсы көреді. Ал ана деген баласын түсінеді. Оның балаға деген ешқандай жаман тілегі жоқ. Сондықтан анам сияқты, сосын үш жеңгем сияқты болса екен, солар сияқты мені түсінсе екен деп ойлаймын“, – дейді Ернар.

Бұған дейін БАҚ құралдары Ернардың өз жанкүйеріне үйленгенін жарыса жазған еді. Алайда Ернардың о бастағы мақсаты өзге болса керек-ті. Себебі:

Ернар Айдарға емес, ол Ернарға ғашық болуы керек. Ернар Айдар – ол әнші. Менің өнерім ол қызға қатысы жоқ. Менің өнерім қазақ халқына, тыңдармандарға жұмыс істеуі керек. Ал жарым өнерімді емес, өзімді бағаласа екен деймін”, – деген болатын Ернар.

Бұдан кейін Ернар жарына қоятын бірінші талапты атады.

“Жан-жарым болу үшін не нәрсеге дайын болу керек? Мен айтар едім, сабырлы болу керек, қызғаныш деген орнымен болу керек. Мұның бәрі ештеңе емес, ең бастысы, менің ата-анама жақсы көңіл бөлсе, мен оны ешқашан назарымнан тыс қалдырмаймын. Бәрібір де менің оған деген махаббатымнан ата-анама деген махаббатым биік тұрады. Сондай нәрселерге дайын болуы керек. Сиыр сауу, үй сыпыру енді майда шүйде ғой. Соның бәрі кіріп кетеді. Мен үйдің кенжесімін, сондықтан ата-анаммен бірге тұратыныма қуанамын. Себебі біз жаспыз ғой, бәрібір де келінге менің ата-анам қасында болып, тәрбие бермесе, мен көп болмаймын. Сол себепті барынша бірге тұруға тырысамын. Мысалы, ата-анам Таразда болса, Алматыға көшіріп аламын”, – деп түсіндірді Ернар.

18013663_812451068908329_7408164840037941248_n

Ернар Айдардың ата-анасы

Жіберіп алмаңыз:

Немере сүйіп отырған Бақыт Шадаева әлі де тұрмысқа шығудан үмітті екенін айтты

Әріптестері Айқынның әке атанғанын растады

Мен аз ақша таппаймын: Сиви Махмуди шетелдегі зәулім үйі туралы алғаш рет сыр ашты

Ернар Айдар жұбайына естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр