AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен аз ақша таппаймын: Сиви Махмуди шетелдегі зәулім үйі туралы алғаш рет сыр ашты

Шетелге көп баратын Сиви Махмуди өзінің кемшілігі мен шетелдегі зәулім үйі туралы алғаш рет экслюзивті сұхбат берді. Сонымен қатар демалысқа баратын кезде басты назарды қандай мəселеге аудару керектігі туралы да Stan.kz тілшісіне кеңес берді.

maxresdefault

– Жуырда инстаграмда əдемі демалысқа кеткеніңізді көріп, бірі қызықты, бірі сынады. Жалпы, жылына қанша рет шетелде демалуды жақсы көресіз?

– Негізі шығармашылық адамдарға демалыс өте қажет. Əсіресе, өзге елдің мəдениетімен танысып, тəжірибе алмасу үлкен шабыт береді. Мен жыл сайын, кейде жылына бірнеше рет демалғанды жақсы көремін.

– Демалысқа қанша ақша жұмсауды жөн санайсыз?  Ақша үнемдеуді білесіз бе? Ақша үнемдеу жолдарынан қандай кеңес берер едіңіз?

– Шынымды айтсам, ақша үнемдей  білетін жандардың қатарына жатамын. Оңды – солды шашып, алақ-жұлақ жүргенді жақсы көрме­ймін. Əр нəрсенің де сұрауы бар екенін білемін. Əсіресе, маң­дай термен келген қа­ржыны үнемді пайдала­нуды өз басым дұрыс санаймын. Ал, нақты мынадай доллар қажет  деп айта алмаймын. Бəрі сіздің баратын елге, демалыс орнына тікелей байланысты.

– Сіздің үйде көп табысты кім табады? Кім жұмсайды? Жəне Ақ­шаны кім ұстайды? 

– Біздің үйде мен де, жолдасым да бірдей қаржы табамыз. Ала­йда, басты отбасын асыраушы – отағасы. Сол кісінің тапқан та­бысын отбасылық бюдж­ет  деп санап, ортақ істерге жұмсаймыз. Менде аз ақша таппай­мын. Бірақ, табысым өзімнен артылмайды. Өнер адамы болғандық­тан үнемі əдемі болып жүру керек. Киетін киім, бояу, опа-дал­ап, сұлулық немесе фитнес орталықтарына барып, өз – өзіңе кү­тім жасау үшін аз ақ­ша кетпейді. Негізі, еркектің тапқан таб­ысы берекелі деген осы шығар.

 

dd444de570cf4a5f754525d772eba13e5edd6407

– Демалыс кезінде əдемі үйдің суретін салдыңыз. Оны көпшілік сіздің шетелдегі жеке меншік үйіңіз деп қабылдады. Солай ма?

– Иə, ол рас. Бірақ, менің жеке меншік үйім емес. Ағам сатып алған болат­ын. Шетелге демалысқа балалармен барғанда өз үйің болса, өте қолайлы. Жалпы,  өз­ге елде жеке меншік үйің болғанға не жет­сін. Ағамның үйі менің де үйім болады деп санаймын.

– Үш баламен демалы­сқа бару қиын емес пе? Демалыс кезіндегі қызықтарды еске түс­іріп көріңізші… 

– Əрине, оңай емес. Алайда, кез-келген ата-ана балаларының жүзіндегі бақытты кө­ру үшін бəріне де да­йын ғой. Бізде де со­лай. Кейде балалар мазасызданып, демалыс­ымыздың быт – шытын шығарып жатады. Біра­қ, оның өзі үлкен ба­қыт, қуаныш. Ал, əр демалыста бір шым-шы­тырық қызықты оқиғал­ар болып тұрады. Дəл қазір есіме түспей отыр. Бірақ, тек жол­дасым екеуміз демалы­сқа барсақ, балалары­мызды ұмытып, өзіміз бала болып кетеміз. Əртүрлі адреналинге толы экстрималды ам­алдарды таңдап, ерек­ше демалғанды жақсы көреміз.

– Көпбалалы аналар демалысқа барар кезде  ерекше мəн беру керек қағидалар бар ма?

– Ең бастысы, барат­ын елдің асханасына үлкен мəн беру керек. Жəне ауа райының балалар үшін қолайлы болуы маңызды.

– Үшбалалы ана болы­п, шоу бизнесті, жеке бизнесті біріктіріп ұстау қиын емес пе?

– Оңай емес. Бірақ, маған қос анам көме­ктеседі. Жəне көмекш­ілерімнің де бар еке­нін жасырмаймын.

– Өнер мен жеке өмі­рде бəріне үлгеру үш­ін не істеу керек? Қандай қағидалар ұста­ну керек?

– Ең бірінші, айқын мақсат пен үлкен ар­ман болу керек. Арма­нсыз адам қанатсыз құс сияқты ешқашан еш­қандай нəтижеге жете алмайды.

– Асханада жиі қызм­ет етесіз бе?  Сивид­ің қолынан шығатын дəмді фирмалық тағамы қандай?

– Ешқандай өзім кер­емет дайындайтын там­ақ жоқ. Жалпы, асхан­аға кіріп, ыдыс – ая­ққа араласып, тамақ жасағанды ұнатпаймын. Есесіне, дəмді там­ақ жегенді жақсы көр­емін.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Тағы да оқыңыз: 

Арман Оспанов жолын жауып, аяғынан шалған қандастарына өкпесі қара қазандай екенін айтты

Әнші Ақбота әріптесі Жұлдыз Өмірғалиева жайлы желіде тараған ақпараттың ақиқатын айтты

Қазақ балуаны “Әлем барысы” атанды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр