БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Ақбота әріптесі Жұлдыз Өмірғали жайлы желіде тараған ақпараттың ақиқатын айтты

Әр қадамы жұрт назарынан тыс қалмайтын әнші Ақбота Сейтмағамбет бұл жолы әріптесі Жұлдыз Өмірғалиева жайлы желіде тараған ақпараттың ақиқатын айтты.

information_items_24354

Экс-кешьюлік сылқымдардың қазіргі таңда қарым-қатынасына нүкте қойылған көрінеді. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Сейітмағамбетова бұл сөзімізді растап отыр.

«Қатты жақсы араласамын деп айта алмаймын. Сәлеміміз түзу. Ең соңғы рет Жұлдыз мен босанып шыққан кезде құттықтады. Одан кейін хабарсызбыз. Ал, Жұлдызға соңғы рет жазғанда whatsapp-тан жауап қайтармады. Нөмерін ауыстырып тастаған сияқты» – дейді Ақбота хабарсыз кеткен құрбысы жайлы.

Алайда, Ақбота Жұлдыз Өмірғалиеваның жеке өміріндегі жағымды жаңалығынан да хабардар болып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, Жұлдыздың босанып, Айқынға Санжар есімді шекесі торсықтай ұл сыйлағаны жайлы жазған болатынбыз.

«Мен жақында ғана Жұлдыз босанды деген ақпаратты естідім. Бірақ өз көзіммен көрген жоқпын. Сондықтан, нақты айта алмаймын», – дейді әнші.

АКБОТТА ЖУЛД

Сейітмағамбетова сұхбат барысында ұстаздары жайлы да сөз қозғады. Баян мен Бағым бүгінде шәкіртіне ренжулі көрінеді. Өйткені олардың қоштасуы қос тараптың қалауындағыдай болмаған.

«Қарым-қатынасымыз жақсы болды. Ұстаздарым ретінде сыйладым. Бірақ, «Кешьюден» кететін кезде мен ол кісілерге «жақсы», «сау болыңыздар», «рахмет» деп бір ауыз сөз айтпадым. Менікі де қателік болды. Содан бері бірде бір рет көрген жоқпын. Сондықтан қазір баруға да ұялып жүрмін» – деп іштей өкінішін білдірген Ақбота алдағы уақытта ұстаздарымен жүздесуді жоспарлап жүргенін жеткізді.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Тағы да оқыңыз:

Димаштың әнін көше ортасында айтқан қытай қызы желіні “жарды” (видео)

Ернар Айдар жұбайына естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Есірткі, ішімдік, казино: Зиянды әдетке бой алдырған танымал жұлдыздар (фото)

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр