Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғали Айқынға ұл туып берді

Тоқал алғанын жасырып қалған Айқын Төлепбергеннің құпиясы ашылды. КешYou-дің бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали Айқын Төлепбергенге ұл тауып берді, деп хабарлады сенімді дереккөз Stan.kz тілшісіне.

айкын жулдыз 080917

Айқын ұлына Санжар деп ат қойыпты. Бұл туралы сәбидің дүниеге келуіне орай ұйымдастырылған арнайы кешке қатысқан Айқынның танысы хабарлады.

Сенімді дереккөздің хабарлауынша, Жұлдыз Айқынның екінші әйелі болуға келісіпті. Айқын ұлы Санжардың дүниеге келуіне орай дос-жарандарын жинап, Астанадағы «Айкон» клубында атап өткен.

Еске сала кетейік, бірнеше ай бұрын желіде Айқынның Жұлдыз Өмірғалиді ұзатып алып бара жатқан видеосы тараған еді. Алайда өнер иесі тоқал алғанын жоққа шығарып, кадрлардың телехикаядан алынғанын мәлімдеді. Айқын айтқан телехикая 5 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартты. Алайда онда Жұлдыз Өмірғалидің түспегені белгілі болды.

Өз кезегінде Айқын мен Жұлдыз жеке өмірлеріне қатысты ақпарат беруден қашып жүр.

Ал желі оқырмандары болса қос жұлдызды ұлды болуымен құттықтап жатыр.

айкын комменты

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Есірткі, ішімдік, казино: Зиянды әдетке бой алдырған танымал жұлдыздар (фото)

Танымал әншілер жанды дауыста сайысқа түсуден бас тартып ұятқа қалды

Ерке Есмахан: Қайда барсам да, іштей болашақ жарымды іздеп жүретінім шындық

Айқынның өтірігі ашылып қалды

Талқылау