Эндокринолог маман дәрумендерді қабылдау салмақ қосуға ықпал ететінін ескертті
Эндокринолог маман Зухра Павлова дәрумендерді қабылдау метобализмді тездетіп, аштық сезімін туындататынын айтады. Нәтижесінде адамның тәбеті артып, артық салмақ қосуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қосымша дәруменер қабылдаған кезде артық салмақ дәрумендерден емес, оның салдарынан ашылған тәбетке байланысты жиналады”,- деді маман.
Павлова сонымен қатар дәрумендерді тұрақты қабылдайтын жандарға спортпен айналысып, калорияны шығаруға кеңес берді. Және тамақтану кезінде басқа жаққа алаңдамай теледидар көрмей, тамағын асықпай ішуге шақырды.
“Біз жоғарыдағы әрекеттерді қайталайтын болсақ, тамақты тез жеген кезде ол ағзаға дұрыс сіңбейді. Нәтижесінде ағзада қанықтық сезімі болмай, ол керісінше тәбетті одан сайын аша түседі. Және соның салдарынан көп тамақтануға деген құлшыныс артады”,- деп қортындылады маман.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"