Елеусінов жаңа министрден Серік Сәпиевті жұмысқа алуды сұрады
Танымал боксшы Данияр Елеусінов Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, Серік Сәпиевті өз командасына алуды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боксшы жаңа Туризм және спорт министрлігінің құрылғанына қуанғанын айтып, оған тәжірибелі мамандарды жинау керектігін жеткізді.
"Жеке Туризм және спорт Министрлігін құрғаны туралы жақсы жаңалықты естідім. Жаңа министрлікті бұрынғы спортшы Ермек Маржықпаев басқарды, бұл екі есе жағымды жаңалық. Ермек Маржықпаев тағайындалуыңызбен құттықтаймын! Бізге спорттың барлық мәселелерін іштей білетін және мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар спорт адамдары қажет. Онда өз ісінің маманы Серік Сапиевті көру жақсы болар еді. Секе, оралыңыз және біздің спортты олимпиадалық биіктерге көтеріңіз", – деді Данияр Елеусінов.
Айта кетейік, Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда жаңа бес министрлік құрылған еді. Соның бірі Туризм және спорт министрлігі.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"