Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда жаңа бес министрлік құрылды
Президенттің жолдауынан кейін елде жаңа бес министрлік құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорда мәліметінше бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлығына қол қойған.
Құжатқа сәйкес елде келесі министрліктер құрылды:
- Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"