Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Ерлан Нысанбаев жаңа қызметке тағайындалды

Нысанбаев
Фото: Үкімет

Бұрынғы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерлан Нысанбаев 2023 жылғы 5 қыркүйектен 2026 жылдың 28 тамызына дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқарды. Үкіметтің жаңа құрамында оның орнына Әлібек Қуантыров келді.

Нысанбаевтың қызмет жолы қандай 

Нысанбаев Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысындағы Ұйғыр орман шаруашылығында шебер болып бастады.

1991-2004 жылдары коммерциялық ұйымдарда еңбек етсе, кейін "Астана-Зеленстрой" компаниясында басшылық қызметтер атқарды. 2009 жылы Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне кірісті.

Әр жылдары қоршаған орта және су ресурстары, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрлерінің орынбасары болды. 2021-2023 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы наурызда Астана әкімінің кеңесшісі қызметіне кірісіп, сол жылдың қыркүйегінде экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Ведомствоны 2026 жылғы 28 тамызға дейін басқарды.

Қарлығаш Асқарова
Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2026 10:32