Доллар бағамы 2024 жылдың жазынан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті
Қазақстан қор биржасы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 457,21 теңге болды. Осылайша ол 2,95 теңгеге төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл – 2024 жылдың маусымынан бергі ең төмен деңгей. Сол кезде доллар бағамы 460 теңгеден төмен түскен еді.
Ұлттық банктің 28 сәуірге белгіленген ресми бағамы – доллар үшін 460,80 теңге.
Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы:
- сатып алу – 457,89 теңге;
- сату – 460,14 теңге.
Астанадағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам:
- сатып алу – 454,06 теңге;
- сату – 461,06 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 461 теңгеге дейін төмендегені туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
