Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Тоқаев
Фото: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған еді. Тоқаев бұл мерекені “қазақтың қайта жаңғыруын айшықтайтын мереке” деп атады. 

“Қымбатты отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік.  Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, беделі зор әрі ықпалды орта держава, өркениетті мемлекет ретінде жетіп отыр. Биыл біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып, тарихи өрлеу дәуіріне бетбұрыс жасадық”, – делінген хабарламада. 

Назархан Уән
Жексенбі, 25 Қазан, 2026 13:34