Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Уайт UFC турнирін Қазақстанда өткізу жоспарына қатысты пікір білдірді

Дана Уайт

UFC промоушенінің басшысы Дана Уайт ұйымның Қазақстанда турнир өткізу бойынша жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

UFC 333 турнирінен кейін өткен баспасөз мәслихатында журналист Уайттан лиганың Қазақстандағы турнирін жанкүйерлер қашан тамашалай алатынын сұрады.

"Жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп жауап берді ол.

Бұған дейін UFC басшысы Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда турнир өткізу жоспары бар екенін бірнеше рет айтқан. 2020 жылы промоушен Астанада турнир ұйымдастыруды жоспарлағанымен, пандемияға байланысты бұл жоспар жүзеге аспады.

Қазір UFC-де Қазақстанның бес спортшысы өнер көрсетеді. Олардың қатарында аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингте жетінші орында тұрған Асу Алмабаев, Шавкат Рахмонов, Дияр Нұрғожай, Әліби Ыдырыс және Николай Веретенников бар.

Назархан Уән
Жексенбі, 25 Қазан, 2026 14:39