Атырау тергеу изоляторында қамалғандар бас көтерді: Олардың бірнешеуі ауруханаға түсті

Атыраудағы тергеу изоляторында жанжал болды. Сотталғандар қамауда ұстау жағдайына наразылық білдіріп, өздеріне дене жарақатын салуға тырысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, оқиғаға ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған бес адам қатысқан. Ведомствоның мәліметінше, олар мекемеде белгіленген ұстау режиміне қарсы шыққан.
"Атап айтқанда, олар бейнебақылау камераларын жауып, өздеріне дене жарақатын салуға әрекеттенген. Сотталғандардың өздеріне жеңіл жарақат салғаны тіркелді. Мекеме әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдардың барлығына қажетті көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызу қажет болған жоқ. Сотталғандардың денсаулық жағдайы тұрақты", – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Топ болып бағынбауды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Комитеттің мәліметінше, қазір мекемедегі жағдай тұрақты.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"