Иесін жоғалтқан қораз оны 8 жыл бойы аурухананың жанында күткен
Боливияның Санта-Крус қаласында Мартин есімді әтеш сегіз жылдан бері онкологиялық аурухананың алдында иесін күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпара агенттігі adn Noticias басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сүйенсек, әтештің иесі қатерлі ісікке шалдығып, ауруханаға түскен. Алайда ол ауруханада жан тапсырыпты. Содан бері Мартин ғимараттың маңынан кетпей, жергілікті тұрғындардың назарын аударған.
Аурухана қызметкерлері мен маңайда тұратын адамдар құсқа қамқорлық жасауды өз мойнына алған. Олар әтешті тамақтандырып, жағдайын бақылап жүреді. Айтуларынша, Мартин попкорнды жақсы көреді, ал жаңбыр жауса, өзі паналайтын жер іздейді.
Қызметкерлердің сөзінше, әтешті ұстап алу оңай емес. Сондықтан ол аурухана аумағында еркін жүріп-тұрады.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"