Астанада ер адам кішкентай қызға тиіскен: Полиция қылмыстық іс қозғады
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам кішкентай қызға тиісті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі
Оқиға туралы Астана тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде жазып, бейнебақылау камерасына түсіп қалған күдікті ер адамның бейнесін жариялады.
Әйелдің айтуынша, оқиға "Бағыстан-4" тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Әйел өз жазбасында тұрғын үйдегі қауіпсіздік мәселесін де көтерген.

Тұрғынның сөзінше, ғимарат 2025 жылдан бері пайдалануға берілмеген. Сонымен қатар бейнебақылау камералары тек кіреберістерге орнатылған, ал аула мен автотұраққа бөгде адамдар еш кедергісіз кіре алатын көрінеді.
Астана полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің "он алты жасқа толмаған адамға сексуалдық сипатта тиісу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Құқық қорғау органдары әзірге оқиғаның өзге мән-жайын жариялаған жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкенттегі мектепте 1-сынып оқушысына жыныстық сипаттағы әрекет жасаған мұғалімге жеңіл жаза тағайындалуы мүмкін екені туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек