Елена Рыбакина Қытайда өткен турнирдің екі дүркін чемпионы атанды
Әлемнің және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елена Рыбакина финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен кездесті. Шешуші матчта Рыбакина қарсыласынан айқын басым түсіп, екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші үш эйс жасап, екі қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Рыбакина матчтың басынан бастап ойын тізгінін өз қолына алып, қарсыласының доп беру геймдерінде белсенді әрекет етті. Екі партияда да сенімді ойын көрсеткен Елена Фернандеске есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді.
Осылайша, Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде екінші жыл қатарынан чемпион атанып, былтырғы жетістігін қайталады.
Бір бренд, бірақ Қазақстанда әлдеқайда қымбат: Zara, Adidas және Massimo Dutti тауарлары үшін неге артық төлейміз
Еуропалық брендтердің тауарлары Қазақстанда неге қымбат?
Қазақстандық жігіт ЖИ көмегімен бейнеролик жасауды үйреніп, енді айына 2 миллион теңге табыс табады
Достарына әзіл үшін видео түсірген Алиаскар Куттымурат жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табады