"Жолда қалдық": Көкшетауда жүргізушілер сапасыз бензинге шағымданды (видео)
Көкшетауда жүргізушілер сапасыз жанармайға жаппай шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүргізушілердің айтуынша, көлікке жанармай құйғаннан кейін бірден қозғалтқышы өшіп, жолда тоқтап қалған.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жүргізушілердің Зеренді тасжолы бағытындағы жанармай құю бекетіне әдеттегідей тоқтап, көліктеріне жанармай құйғаны айтылған. Алайда содан кейін бірқатар көлік істен шығып, жол ортасында тоқтап қалған.
"Куәгерлердің айтуынша, 20-дан астам көлік тоқтап қалған. Кейбір жүргізушілер көліктерін жолдың бойында қалдырып, қалаға қарай жаяу кеткен", – делінген жазбада.
Оқиғаға қатысты Көкшетау қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі түсініктеме берді.
Әкімдік мәліметінше, жанармай құю бекетінің басшылығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сапасыз жанармайдан зардап шеккен болуы мүмкін 15 көлік анықталған.
"Аталған көліктердің барлығы жанармай жүйесін тазарту жұмыстарын жүргізу үшін техникалық қызмет көрсету станцияларына жіберілді. Көлік иелеріне жанармай құю бекеті басшылығының келтірілген шығынды өтеу жөніндегі міндеттемелерін растайтын кепілдік хаттар берілді", – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтардың жанармай сапасына қатысты шағымдарына жауап берген еді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
