Еуропалық одақ елдері қысқы уақытқа көшті

Германия мен Еуропалық одақтың (ЕО) басқа да елдері 25 қазан, жексенбіге қараған түні қысқы уақытқа көшті. Сағат тілі бір сағатқа кері жылжытылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Еуропалық одақ елдерінде жазғы және қысқы уақытқа көшу тәртібі 1996 жылдан бері қолданылады. Наурыздың соңғы жексенбісінде сағат тілі бір сағат алға, ал қазанның соңғы жексенбісінде бір сағат артқа жылжытылады.
2019 жылы Еуропарламент сағат ауыстыру тәжірибесінен бас тартуды қолдаған. Алайда ЕО елдері бұл мәселеге қатысты ортақ шешімге әлі келген жоқ.
ЕО елдеріндегі уақыт белдеулері
Еуропалық одақ аумағында үш уақыт белдеуі бар. Ирландия мен Португалияда Гринвич уақыты қолданылады. Финляндия мен Балтық жағалауы елдерін қоса алғанда, ЕО-ның сегіз мемлекеті Шығыс Еуропа уақытымен жүреді. Ол Гринвич уақытынан екі сағат алда.
Ал Германияны қоса алғанда, одақтың қалған елдерінде Орталық Еуропа уақыты қолданылады. Ол Гринвич уақытынан бір сағат алда.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"