Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды
Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасының өкілдері Айдос Сұлтанғали мен Ысхар Құрбаев Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айдос Сұлтанғали үшінші орын үшін белдесуде Қытай балуаны Цао Лигоды жеңді. Ол 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Айта кетейік, 2025 жылы Сұлтанғали Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан тарихындағы грек-рим күресінен алғашқы алтын медальді жеңіп алған еді.
Ұлттық құрамаға тағы бір қола медальді 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ысхар Құрбаев әкелді. Ол үшінші орын үшін белдесуде Үндістан балуаны Лалитті мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша, 25 қазандағы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының екі қола медалі бар.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"