Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 461 теңгеге дейін төмендеді
22 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 461,37 теңге болып, 3,23 теңге арзандады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық банкі 22 сәуірге белгілеген ресми курс – 464,73 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір айырбастау пункттеріндегі орташа бағамдар:
Алматы қаласында долларды сатып алу – 461,39 теңге, сату – 463,94 теңге;
Астана қаласында сатып алу – 458 теңге, сату – 465 теңге;
Шымкент қаласында сатып алу – 462,31 теңге, сату – 464,47 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін 9 сәуір күні Қазақстанда доллар бағамы күрт өсіп, 479 теңгеге жеткені туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан