Қазақстанда доллар бағамы күрт өсіп, 479 теңгеге жетті
Фото: depositphotos.com
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы өсуін жалғастыруда. Бүгін доллар тағы 4 теңгеге қымбаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кеше мұнай бағасының арзандауы аясында Қазақстанда доллар күрт қымбаттай бастады. Бір тәулік ішінде оның бағамы 15 теңге өсіп, 475,31 теңгеге жетті. Бүгін де бұл үрдіс жалғасын тапты.
Қазақстан қор биржасында шетел валюталарымен жүргізілген бүгінгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 479,82 теңге болды. Бір тәуліктегі өсім – 4 теңгеден асты.

Kurs.kz порталының деректеріне сәйкес, ірі қалалардағы ақша айырбастау пункттерінде қолма-қол доллар айырбастау мынадай бағаммен белгіленген:
- Астанада сатып алу – 476 теңге, сату – 483 теңге;
- Алматыда сатып алу – 472,5–478,5 теңге аралығында, сату – 478,7–482 теңге аралығында;
- Шымкентте сатып алу – 478–479,5 теңге аралығында, сату – 480–482,5 теңге аралығында.
Сонымен қатар биржада еуро бағамы да қымбаттап, бір тәулікте шамамен 1,5 теңге өсті. Бүгін сағат 15:30-дағы орташа өлшенген бағамы 558,63 теңге болды.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан