Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Республика күнімен құттықтаған әріптестеріне алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: akorda.kz

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

“Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады”, – делінген жазбада. 

Бұған дейін Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Тоқаевқа құттықтау хаттарын жолдағаны хабарланған еді.

Қазақстандықтарды АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Беларусь, Армения, Франция, БАӘ және басқа да көптеген елдің басшылары ұлттық мерекемен құттықтады.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысқаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026 11:26