Қостанайда полициядан қашпақ болған жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты (видео)
Қостанайда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облыстық полиция департаменті Volkswagen Passat автокөлігі мен маршруттық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сонымен қатар полиция патрульдік көлік ішінен түсірілген видеоны да жарияланды.
Полицияның мәліметінше, 25 қазан күні кешкі уақытта Passat көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған.
Артынан ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, автобуспен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жүргізуші ер адам көз жұмды, ал көлікте болған жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Автобуста 55 адам болған. Екі жолаушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, он адам ауруханаға түскені туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
